10.03.2026
Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Васильковка ауылының негізгі орта мектебі» КММ еңбек өтіліне байланысты 0,5 штат бірлігіне логопед лауазымының бос орнына орналасуға ашық конкурс жариялайды.
Бос лауазымның атауы:
Логопед мұғалімі
Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығы негізінде өткізіледі.
Аталған бұйрықта мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагогтерін қызметке тағайындау және қызметтен босату қағидалары бекітілген.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1. Қосымша 3-ке сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш (қоса берілетін құжаттардың тізімі көрсетілуі тиіс);
2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілуі тиіс – бар болған жағдайда);
4. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7. Психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары бар науқастар бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтыны туралы анықтама;
8. Наркологиялық есепте тұрмайтыны туралы анықтама;
9. Сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санаты туралы куәлік (бар болса);
10. Ағылшын тілі пәні мұғалімі лауазымына үміткерлер үшін пән бойынша сертификат немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер санатының куәлігі (бар болса), немесе CELTA, DELTA, IELTS (6,5 балл), TOEFL iBT (60–65 балл) сертификаттары;
11. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер оқытушылары немесе өндірістік оқыту шеберлері ретінде жұмыс істейтін және өндірісте кемінде екі жыл еңбек өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;
12. Осы Қағидалардың 17, 18-қосымшаларына сәйкес бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы;
13. Жұмыс орнынан немесе оқу орнынан ұсыным хат (педагог лауазымы бойынша).
Құжаттарды қабылдау тәртібі
Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар конкурс жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.
Құжаттардың біреуі болмаған жағдайда, кандидаттың құжаттары қайтарылады.
Кандидат өз қалауы бойынша білімін, жұмыс тәжірибесін және кәсіби деңгейін растайтын қосымша ақпаратты ұсына алады (біліктілікті арттыру курстарының сертификаттары, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, ғылыми дәрежелер мен атақтар, біліктілік санаттары, бұрынғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).
Құжаттарды қабылдау мекенжайы:
021209, Ақмола облысы,
Зеренді ауданы, Васильковка ауылы,
Мектеп көшесі, 15.
📞 Анықтама телефоны: 8 (71632) 54-1-71
📧 Электрондық пошта: Vasilkovka.osh@yandex.kz
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 10 наурыздан 19 наурызға дейін
Конкурс өткізу күні:
2026 жылғы 20 наурыз