«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Васильковка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Kоммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Васильковка отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области" 

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ

21.11.2017

        

Ұйқыдан кейінгі шынықтыру шаралары.

Мақсаты:  Балалардың

денсаулығын нығайту.Жаттығуды дұрыс жасауға дағдыландыру.Қимыл қозғалыс

түрлерін молайту.

Көрнекіліктер: Кедір бұдыр жолдар,тұзды жол,түймелі жолдар және доптар.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

 

Ал балалар,

тұрайық!

Ұйқымызды ашайық.

Көрпемізді ысырып,

 Жаттығуды жасайық.

 

    Тәрбиеші:

 Ал енді балалар деніміз сау,мықты,шымыр болу

үшін мына жаттығуларымызды жасайық.

1-   

               Бәріміз арқамызбен тік  жатамыз,басымызды оңға,солға бұрамыз. 3

рет

2-   

Арқамызбен

жатамыз,қолымыз артта велосипед тебеміз.

3-   

Отырамыз,қолымызды

алға созамыз,оңға солға,алға артқа басымызды көтеріп түсіреміз.

4-   

Отырамыз,қолымызды

жоғары көтеремізде,тартылып керілеміз.

 

Балалар,жаттығуды жақсы

жасадық,ұйқымыз ашылды,енді орнымыздан тұрып киімімізді шешіп,орнымызға

қоямызда  10 литр жылы суға 100 гр тұзы

бар тұзды жолдан өтеміз.Тұзды жолдың пайдасы балалардың денсаулығының нығаюына

және жұқпалы ауруларға қарсы жасалатын шаралардың бірі.

Сонымен қоса түймелі

алашадан,кедір бұдірлі жолдардан өтіп нүктелі массаж жасауға кірістік.

 

 

Нүктелі массаж – аурудың

алғашқы белгілері біліне бастағанда    

қолдануға болады. Егер мұрыннан су ағып,тамақ жыбырласа,түшкірсең және

жұқпалы аурудың алдын алу үшін жасалады.Бұл нүктелі массаждың кері әсерін де

ескеру керек.Әрбір нүктені 3-4 рет жасау керек.

 

1-ші нүкте екі қастын ортасын сұқ саусақпен айналдырамыз.

2-ші нүкте симетриалы,екі көздің сыртқы жағына жеңіл ғана

біркелкі айналдыру арқылы жасаймыз.

3-ші нүкте симетриалы емес,беттің төмеңгі бөлігі сұқ

саусақпен  ақырын басып,бір қалыппен

нүктенің аймағында айналдырып жасау.

 

 

4-ші нүкте симетриалы құлақтың сыртқы бөлігіндегі нүктені

қолдың саусақтарымен бірқалыпты айналдырып жасаймыз.

5-ші нүкте симетриалы бас бармақ пен  сұқ саусақтың арасындағы нүктені аздап

басып,үзбелі түрде жасаймыз.

 

Келесі жаттығудың тағы бір түрі ол денемізге кедір-бұдырлы доппен массаж

жасау.

Балалардың бәрі шеңберге тұрып қорапшадан екі доптан алып,әуелі оң жақ

қолдағы допен мойын аралығын,кеуде іш жақты,кейін оң жақ сол жақ қолдарына

массаж жасаймыз.Бұл массажды денемізді қыздыру үшін және қан айналымын жақсарту

үшін жасаймыз.

                                                                            

Сөздік ойын:

 Көлде екі бақа

Ұйқысынан оянып

Көлге барып жуынып

Орамалмен сүртінді

Оңға солға иіліп

Денсаулықтын құпиясы

Қозғалыстын белгісі

 

 

Тәрбиеші:

 Ал енді балалар осыменен  біздің ұйқыдан кейінгі жаттығуларымыз

аяқталды.Киініп,бет қолдарымызды жуамыз.

Просмотров: 249


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст